Аулаңызда кілем жусаңыз айыппұл арқалайсыз. Бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес абаттандыру қағидаларын бұзу ретінде қарастырылады. Айыппұлдың мөлшері құқық бұзушының мәртебесіне байланысты белгіленеді.


Яғни, жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішті құраса, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін 30 АЕК көлемінде. Ал, орта бизнес үшін айыппұл 157 280 теңге. Ірі кәсіпкерлікке 100 АЕК мөлшерінде, яғни, 393 200 теңге шамасында айыппұл салынады. Мұндай құқық бұзушылықтар жоспарлы тексерістер кезінде ғана емес, азаматтардың шағымдары негізінде де тіркеледі. Лас суды төгу, химиялық жуғыш заттарды пайдалану, көгалдарды зақымдау және жағымсыз иістер секілді санитарлық нормаларды бұзатын әрекеттер де әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.