«Арайлы Ақ Жайықтан – Түрленген Түркістанға». Дәл осындай атаумен Шамғон Қажығалиев атындағы эстрадалық-симфониялық оркестрі киелі өлкеде концерт өткізді. Өнер кешінде әлем және қазақ композиторларының шығармалары орындалып, опера өнерінің інжу-маржандары шырқалды.
Өнер кешінде Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Евгений Брусиловский, Иоганн Штраус, Карлос Альмаран сынды әлем және қазақ композиторларының шығармалары орындалды. Сонымен қатар кеш барысында көрермендер қазақ опера өнерінің інжу-маржандары – «Абай», «Қыз Жібек», «Махамбет» операларынан үзінділерді тыңдап, халық әндері мен заманауи шығармаларды тамашалады.
АЙБАР ХАЙРХАНОВ, ШАМҒОН ҚАЖЫҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ ЭСТРАДАЛЫҚ-СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІНІҢ ӘРТІСІ
2010 жылы құрылған өнер ұжымына былтыр Мемлекеттік сыйлықтың иегері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дирижер Шамғон Қажығалиевтің есімі берілді. 15 жыл бойы тынбай ізденіп, тынымсыз еңбектенген оркестрдің репертуарында 200-ден астам ресейлік және қазақстандық композиторлардың туындыларымен қатар, әлемдік классикалық шығармалары бар.
БАУЫРЖАН ХАЛИОЛЛА, ҒАРИФОЛЛА ҚҰРМАНҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Арайлы Ақжайықтан киелі өлкеге арнайы келген өнер керуені сапарын Шымкентте жалғамақ ниетте. Мұнда аталған ұжым қала күніне орай өтетін Өнер фестивальіне қатысатын болады.