Шымкенттік жасөспірімдер автобус жүргізушісін балғамен ұрып, соққыға жыққан. Белгілі болғандай, жүргізуші жасөспірімнен жолақысын талап еткен.


Алайда ол ашуланып, жолақысын төлемегендіктен автобустан түсуге мәжбүр болған. Автобус аялдаған сәтте жүргізушіге үш жасөспірім тап берген. Жәбірленуші ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілген. Аталған жайт бойынша Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі күдіктілердің ұсталып, қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.


ҒАЗИЗА ҒАНИҚЫЗЫ, ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

«Аталған оқиға 12 маусымда Шымкент қаласында орын алғанын хабарлаймыз. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу сотымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қабылданды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде».