Көшемізге 30 жылдан бері асфальт төселмеген. Жаңбыр жауса шалшық су үстімізді былғап, аяқ алып жүру мұңға айналады. Балалар алаңшасы да атымен жоқ. Бүлдіршіндерге обал! Осылай деген қала тұрғыны шаһар басшысына базынасын айтып, мәселеге назар аударуын өтінді. Өз кезегінде Ғабит Сыздықбеков проблеманың биыл шешіліп, көшенің асфальтталатынын жеткізді. Еңбекші ауданында жалғасқан көшпелі кездесуде тағы не айтылды, нендей мәселе көтерілді? Қанат Жолдасбек жалғастырады.
АНАРКҮЛ АЛТЫНБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Еңбекші ауданы, А.Оразбаева көшесінде 30 жыл болды, асфальт салынбаған. Балаларымыз суды кешіп мектепке барады» - «Одан кейін бізде балалар алаңшасы жоқ. Балалардың ойнайтын жері жоқ»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Ауданда қордаланған мәселе, күрмеуі қалың түйіткілдер бар. Мәселен тұрғындардың бірі жол, жарық, су мәселесі титықтатып тұрғанын алға тартса, енді бірі транспорт проблемасын көтерерді.
ҰЛЖАН ИСАБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«182 маршрут жөнделмей-ақ қойды. 30 минут күткен соң өздеріне бардым. Олар бізге газ бөлінбей, соны күтіп жатырмыз дейді.»
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Сіздерді алдай салады. Газ жоқ дейді. Газ жеткілікті.» «Мұның бәрі бақылауда. Қанша жолаушы болды»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Азат шағын аудынының тұрғыны Әлия Сәбитова медициналық бөлімше қажетін алға тартып, мәеле көтерді. Айтуынша, жақын маңдағы бөлімше тұрғындар үшін алыс әрі балалар мен ересектерге арналған бөлек дәрігерлер тапшы.
ӘЛИЯ СӘБИТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Балалар мен үлкендердің вобтары бірігіп жатыр қазір.» - «Екіншіден ол жаққа баруымыз өте қиын. №5 полехленикаға қараймыз. Жолдың арғы бетіне өтеміз.» - «Кішкентай бөпем бар. Қолымда судргы ұстап қалды. 45 минут дегенде келді. Айналма жолдың кесірінен кешігіп жатыр ғой. Бізге осы жерден полихленика ашып берсе екен 300 орындық.»
НҰРЛЫБЕК АСЫЛБЕКОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Ендігі аптада келіп осы мәселені қолға аламын.»
ҚАЛА ӘКІМІ: «ЖҰМЫСТЫ СОҢЫНА ЖЕТКІЗУДІ ЕМЕС, ЕРТЕРЕК АҚША АЛУДЫ ОЙЛАЙТЫНДАР БАР»
Бахадыр Мырзахмет ағын су мәселесін көтерді. Айтуынша 400-ге жуық шаңырақ күн кешетін «Тұрдыабат» елді мекеніне арнайы арық, су ағарлар қажет. Әйтпегенде тал-дарақ солып, еккен егін көктемей қалуы мүмкін. Тұрғынның сөзінше су ағар салу жобасы 4 жыл бұрын басталған, алайда қолға алынған іс соңына жетпепті.
БАХАДЫР МЫРЗАХМЕТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Қазір міне жаз мезгілінде су жоқ. Ағаштар қурап жатыр. Агарот егіп қойғанбыз. Қалай бұл мәселе шешіледі?»
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Әртүрлі компаниялар болады ғой аға. БІреулерінің ниеті жұмысты соңына дейін жеткізу емес, ақшамды алып кетіп қалсам дейтіндер бар. Тек бұл жоба емес, қаланың әртүрлі жерінде бар. Әртүрлі салада. Құрылыс болсын, жол болсын. 2020 жылы соңына дейін жасамай кеткен. Сотқа берілген. Соңына дейін істеткіземіз.»
Халмурод Юлдашев кездесу өткен №110 мектептің зейнеткері. Ұзақ жылдар мұғалімдік қызмет атқарып, директор болған азамат білім ордасына қосымша ғимарат қажетін айтады. Онда кеңейтілген асхана мен бастауыш сынып оқушылары үшін арнайы ойын алаңшасы салынса екен дейді.
ХАЛМУРОД ЮЛДАШЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Мектеп соғылған кезде 660 орындық еді. Соған арнап асхана соғылған. Қазір енді сол асханаға бала сыймайды. Соны кеңейту керек» – «Мектепке бастауыш сынып оқушыларына балалар алаңшасын салып берсеңіздер.»
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Қазір экспертизадан өткізіп жатыр. Жағдайын тексеріп жатыр. Егер бәрі ауыстыру қажет десе жоспарға қоямыз.»
Қала әкімі зерделеу жұмыстарының жүретінін, қажет деп табылса қосымша ғимарат салынып, оның жоспарына асхана, балалар алаңшасы енгізілуі мүмкін екенін жеткізді. Кездесу барысында шаһар басшысына алғыс жаудырып, жұмысына көңілі толатынын айтқан тұрғындар көп болды.
«Шымкенттің келбеті сен келгелі бірәз өзгерді. Көріп жүрміз. Сені мақтағаным емес. Сенің қызметіңнің маған қажеті жоқ.»«Бұндай тіршілік көп жылдардан бері болған жоқ. Солай ма? Солай. Халықтың 80 пайызы қолдайды сені.»
Кездесу барысында тұрғындар іркіліп қалған жоқ. Ойындағысын ашық микрафонға айтып, базынасын шаһар басшысына жеткізді. Талап-тілек түртіп алынып, тиісті жауап берілді.