Түркістанда алғаш рет жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыс біріншілігіне іріктеу өтті. Дүниежүзілік нашақорлыққа күрес күніне орайластырылған сайыста 2012-2012 жылы туған балалар бақ сынасты. Са йдың тасындай іріктелген жеткіншектер Түркістан облысына қарасты аудан-қалалардан келген спортшылар.
Қазақтың төл спорты — қазақ күресіне деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді. Ұлттық рухты оятар бұл спорт түрі тек күш сынасу ғана емес, тәрбие мен төзімнің мектебі. Қазақ күресі – шымырлық пен шеберлікті, айла мен амалдың күресін талап етеді.
Түркістанда алғаш рет жасөспірімдер арасында облыс біріншілігіне іріктеу жарысы ұйымдастырылды. Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күнімен тұспа-тұс келген дода салауатты өмір салтын насихаттаудың жарқын үлгісі. Бұл жолы 2012-2013 жылы туған жеткіншектер белдесті. Жеңіске деген жігерлері мен намыс оты алаулап тұр.
СӘБИТ МАРЗУЛЛАЕВ, БАС ТӨРЕШІ
Түркістан топырағынан талай дүлдүл шыққан. Қазақ күресінің хас шеберлеріне айналған Талғат Жұмағұлов, Мақсат Исаев сынды балуандар ел намысын талай аламанда қорғаған. Бүгінгі сайыс сол даңқты жолдың жалғасы, болашақ чемпиондардың алғашқы баспалдағы. Жеңімпаздар енді Астана төрінде өтетін ел біріншілігінде Түркістанның намысын қорғайды.