Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасы арасында 20-ға жуық жаңа инвестициялық жоба қолға алынбақ. Аспан асты еліне жасаған сапары аясында өңір делегациясы ірі өндіріс орындарында болды.
Шаньдун провинциясының Циндао қаласында ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, логистика және туризм бағыттары бойынша Қытайдың жетекші компанияларымен нақты жобаларды талқылады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бұл кездесуде өңірде шегірткемен күрес және ауыл шаруашылығын химияландыру мәселелеріне ерекше тоқталды. Облыста дәріленетін аумақ көлемі жылдан-жылға артып келеді, бұл өз кезегінде жаңа технологиялар мен қауіпсіз өнімдерге деген қажеттілікті арттырады. Осы салада нақты жобаларды бірлесе іске асыруға шақырған облыс басшысы бұл бағыттағы ынтымақтастықты жүйелі зерттеуді тапсырды. Компания, сондай-ақ электр жабдықтары мен құрылыс материалдарын өндірумен айналысады және Қазақстанмен сауда-логистикалық қатынасты нығайтуға мүдделі екенін білдірді. Қытайдың Шаньдун провинциясындағы Циндао қаласы – Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең ірі өнеркәсіптік, сауда-логистикалық және агроөнеркәсіптік орталықтардың бірі. Бұл қала Қытайдың ашық экономикалық аймақтарының алғашқы легінде дамыған, бүгінде халықаралық бизнес пен технологиялық инновациялардың жаңа хабына айналған.