Шымкентте қала күніне орай ақындар айтысы өтеді. Аламан доданы тамашалау – ақылы. Одан түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалмақ. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Құранбек баспасөз мәслихатында хабарлады. Перизат Биназарқызы тарқатып айтады.
АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТЕДІ
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Айтыс ақылы, мың теңгеден болады. Ол қаражатты біз қайырымдылыққа аударамыз. Олай етпеген жағдайда тегін концерт көруге халық нөпірі ағылатын болады. Біз осы мәселенің алдын алмақ ниеттеміз.
АЛАЯҚТЫҚ АЗАЙМАЙ ТҰР
Ресми өкілдің мәлімдеуінше шаһарда алаяқтық қылмыс азаймай тұр. Өткен жетіде 168 іс тіркелсе, соның 58-і оңай олжа көздегендерге тиесілі. Яғни, өзін банк өкілі немесе әкімдік қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардан ақша үптеген. Олардың дені жұмыссызДар.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Осы қылмыстардың ішінде ұрлық, тонау дерегі бойынша 4 іс, 15 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Алаяқтық бойынша арызданғандар жалған жарнамаға сеніп қалғандарын мәлімдеген.
Мегаполисте түнгі отшашуларға жол берілмейді. Тұрғындардың тыныштығын бұзғандар жауапқа тартылады. Оның айыппұлы да ауқымды. Сондықтан қала билігі азаматтарды сақтық шараларын ұстануға шақырып отыр.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Өздеріңіз білесіздер бұл дүниелерді негізінен жастар пайдаланатын болғандықтан оларға осы айыппұлды төлеу қиынға соғады. Өйткені ол жерде екі түрлі айыппұл салынады. Бірі түнгі тыныштықты бұзғаны үшін, екіншісі осы ферверлерді пайдаланғаны үшін.
Әлеуметтік желіде тараған медициналық колледж студенттері грантты пайдаланбай, оқу ақысын төлеп келген деген ақпарат расталмады. Сәрсен Абайұлының айтуынша студенттер білім алған мерзімде BANK CENTER KREDIT банкі арқылы шәкіртақы алып отырған.