Күн суытып, күздің күңгірт күндері басталып жатыр. Алдағы маусымға зообақтағы жануарлардың дайындығы қалай? Олардың күтімі көңіл көншіте ме? Осы секілді өзекті мәселеге назар бұрып, Шымкенттегі зоологиялық баққа барып, хабар алып қайттық. Жануарлар мекеніндегі қауіпсіздік, инфрақұрылым жайында сюжет көрсек.

 Қазақстандағы 3 зообақтың бірі Шымкентте орналасқан. 1980 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Алғашқы коллекцияда 75 түрлі аңның 350 басы болған. Содан бері жануар мен құстың саны көбейіп жатыр. 30 га аумақты алып жатқан зообақтағы әр жануар ерекше қорғау мен бақылауда дейді мамандар.

МЕРУЕРТ ЕЛУБАЕВА, ЗООЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҚТЫҢ ПРИМАТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ 

«Жұмысымыздың ерекшелігі – табиғатта жүріп, жануарлармен жұмыс істеу. Жұмысшыларымыз күндіз-түні еңбек етеді, олардың астын тазалау оңай емес, тамағын беру де оңай емес, дегенмен ештеңеге қарамай жұмыс істейміз»

 Мұндағы мамандар ветеринарлармен бірлесіп, жануарлардың денсаулығын тексеру, вакцинациялау, қажет жағдайда емдеу шараларын жүргізеді. Жұмысшылардың айтуынша, зообақта қызмет етудің басты шарты – аң-құсты жақсы көру, құрметтеу.

ЗЕЙНЕШ ӘШІРБАЕВА, ЗООЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ 12:07 – 12:32

«Күтіміне келетін болсақ, 6 бөлім жұмыс істейді. Аквариум, террариум, орнитология, жыртқыш аңдар бөлімі. Осы бөлімде меңгерушілері бар. Жұмысшылары күнделікті қадағалап, әр жануардың тазалығы мен тамағына тиянақты қарайды»

 Жалпы, жануарлар кез-келген маусым мен мезгілге бейімделген. Зоологиялық саябақтың басты мақсаты – жануар санын арттыру, басын сақтау және сирек түрлерді көбейту. Қазір Шымкент зообағында 300 түрлі жануардың 2500-нан аса басы бар. Соңғы жылдары бұл аумақта жаңа локациялар салынып, әр түрдің табиғи ортасына сай имитациялық жүйелер орнатылған.