Дүниежүзілік экономикалық форум дерегінше: Қазақстан гендірлік теңдік рейтингінде 74-ші орында тұр. 2013 жылы 32-ші болған. 11 жылда 42 саты төмендепті. Бұған әсер етуші фактор – әйелді құрметтемеу. Мұны ескерген мемлекет басшысы, биыл тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қаулыға толықтырулар мен өзгертулер енгізіп, жазаны күшейтті. Оған дейін баласын ұрып, әйелін адам көрмейтіндер тек әкімшілік жазамен жалтарып келсе, енді қылмыстық жауапкершілік арқалайды. Тіпті, есіргендер. келтірілген залал деңгейіне қарай 3 жылдан  8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. Қоғамдағы зорлық-зомбылықтың төркіні неде? Қанат Жолдасбек зерттеп көрді.  
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
«Мына қақпаны қағып, есікті ашу өте қиын іс, соңғы амалү Мен үшін емес, тіреуінен таяқ жеп, қосағынан қорлық көрген әйелдер үшін. Күйеуі маскүнемдікке салынып, күн бермей, барар жер басар тауы таусылған әйелдер осы дағдарыс орталығына келіп күнелтеді. Дәл қазір мұнда шеттей балаларын жетекке алған 50-ге жуық ана бар»
Есімін елден жасыруды өтінген келіншек 35 жаста. 5 баланың анасы. 15 жыл отасқан күйеуі күн бермей, тоқтаусыз таяқтаған соң балаларын ертіп осында келген. Орталық оған психологиялық қолдау көрсетіп, заңдық кеңес алған. 5 баласына да жайлы жағдай жасап, балабақша мен мектепке де орналастырыпты. Тіпті медиациялық көмек көрсетіп, ерлі-зайыптыны татуластырмақ та болған. Бірақ, «шытынаған көңіл, өртенген сезім қайта қалыпқа келмейді» - дейді жәбірленуші.
 САЛТАНАТ // ЕСІМІ ӨЗГЕРТІЛГЕН //
 – «Қазір біз ажырастық, ажырастырды.»  «Көзге шөп салу дейміз ғой.. Соған дейін ұстап алдым. Қанша рет кешірдім. Кешіріп отбасымды сақтап қалуға тырыстым. Бірақ, болмады.
КСМ: Орталық қызметін пайдаланушылар үш мезгіл ас-сумен, жатын-жай орынымен қамтылған. Мұнда 6 айға дейін тұрақтап, көмек алуға болады. Осы аралықта жәбірленуші жұмыс тауып, аяққа тұрып алуы тиіс. Ол үшін орталық та көмек көрсетеді.
ҒАЛИЯ МУТАЛИЕВА, №3 ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  
– «Сонымен қатар бізде «Бақытты жанұя» орталығы бар. Сонда бағыттаймыз. Ол жақта қысқа мерзімді оқу курстары жүріп жатыр» - 03:07, 03:27- Жұмыспен де қамтимыз, оқумен де қамтимыз» - 03:29 //  NURVERIK7667_01 //  
 «Олқылықты оңалту үшін, қоғам көзқарасын түзеп, санасын жаңғырту керек» дейді Сабира Байзақова. Осы бағытта өзі жетекшілік жасайтын «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы жүйелі жұмыс істеп, жастарға жыныстық сауаттылық, өзара түсіністік қағидаттарын насихаттап жүр. Айтуынша, өз туысынан аяғы ауыр болып, ерте жүктілік зардабын тартатындар көбейген. «Оның басты себебі – отбасындағы тәрбие, ата-ананың балаға жеткілікті көңіл бөлмеуі» дейді сарапшы.
 САБИРА БАЙЗАҚОВА, «ШАҢЫРАҚ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ
 – «Менің өзіме кеңес алуға келген ең жас ананың жасы 14 жаста болды. 8 сыныптан 9 сыныпқа көшкен. Шымкент қаласына көршілес аудандардың бірінде орналасқан. Одан жігіті де бас тартқан. Көп балалы отбасыннан шыққан қыз. Көбіне мұндай жағдайға көңіл бөлуге мұқтаж қыздар ұшырап жатады» – «Сауалнама жүргіздім күзде. Сонда 56 пайыз зорлық-зомбылық көргендер өз туыстары. Туған жездесінен, туған әкесінен, туған ағасынан.. Тентек судың әсерінен. Мұның басты себебі – тәлім-тәрбиені болмауы, идеялогияның өте аз болуы»
Айғаным Тұрысбек – мұғалім, қоғам белсендісі. Айтуынша: зорлық-зомбылық тек физикалық күш көрсетуден ғана тұрмайды. «Бұл қатарға қоғам көрсететін психологиялық қысымды да қосыңыз» дейді.
АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Қыз баласы 25 жастан асып кетті деп есептейік. Отбасы, көшеде көрген таныстары «қашан тұрмысқа шығасың?» деп қысымға алады. Ұят болмасын деп өзі сүймейтін адамға тұрмысқа шығуы мүмкін. Одан кейін тағы ұят болмасын деп ондағы қысымға да төзеді. Міне, зорлық-зомбылықтың бастауы осы!»
 Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы, медиа саласымен ғана шектелмей «Аңсаған сәби» жобасын да қолға алған. Аталған бағдарлама бала сүюді арман еткен отбасыларға көмектесіп, эко мүмкіндігін сыйлайды. «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының қорытынды кешіне арнайы келген тілші, жастарға отбасы құндылықтарын түсіндіріп, ақыл-кеңесімен бөлісті.
ЛӘЙЛӘ СҰЛТАНҚЫЗЫ, ЖУРНАЛИСТ
 – «Көп жағдайда үшінші жақты кінәлаймыз. Болмаса тұрмыс-тіршіліктегі жетіспеушілікті себеп қыламыз. Бірақ, негізгі себеп сол екі жастың бірін-бірі түсінбеуі және мінездерінің үйлеспеуінде ғой»

 Іс-шара соңы Әл-Фараби кітапханасына жиылған студенттердің аға буынға сауал жолдап, тұщымды жауап алуымен түйінделді.