Қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы лауазымына Қуаныш Ғалымжанұлы Ысқақов тағайындалды.
Қуаныш Ғалымжанұлы 1984 жылғы 31 наурызда туған, қазақ, білімі жоғары. Ол қаржы және несие, құқықтану, педагогика және психология мамандықтары бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған. 2006-2021 жылдары жеке секторда және мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарған. 2021-2024 жылдары Түркістан облысы, Кентау қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. 2024-2025 жылдары Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары болған. 2025 жылдың 4-қыркүйегінен бүгінге дейін Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болған. Бұл туралы бүгін білім басқармасы ресми түрде мәлімдеді.