Түркістанда «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында қалалық мектептердің ұстаздарымен және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлармен кездесу өтті. Онда бала қауіпсіздігі, жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік деректердің алдын алу мәселелері қаралды.
Іс-шараның мақсаты - балалардың құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-аналар мен педагогтардың жауапкершілігін арттыру.
ОЛЖАС МҰСАЕВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Жоба аясында білім беру ұйымдарында прокуратура, полиция өкілдерімен бірлескен кездесулер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ ата-аналар мен педагогтармен тығыз іс-қимыл орнатылған.»
Кездесу барысында қатысушыларға бала құқығын қорғау, интернеттегі қауіпсіздік жайы талқыланды. Мектептерде құқықтық тәрбие беру тәсілдері мен қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайту мәселелері көтерілді.
ДӘУЛЕТ ТІЛЕМІСОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Бұл жобаның ерекшелігі – барлық ауданда ІДН қызметкерлері жұмыс істейді. Өкінішке орай олар жетіспейді. Оның орынын толтыру үшін арнайы кесте түзіліп отыр»
Іс-шара барысында прокурорлық қадағалау тәжірибесінен нақты мысалдар келтіріліп, мектеп пен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жолдары қарастырылды.