Журналист – ауа-райының құбылмалы мінезіне, қарына, жаңбырына, сарышұнақ аязы мен аптап ыстығына қарамай қыр-даланы кезіп, көрерменге бүкпесіз, боямасыз, шынайы ақпарат тарататын жауапты мамандық иесі. Иә, сіз көретін 2 минуттық бейне сюжет 2 минутта жасала салмайды. Ол үшін бір емес, бірнеше маман сағаттар бойы тынымсыз еңбек етеді. Көп айтқаннан бір көрген дұрыс. Телевизия қалай жұмыс істейді? Сюжеттен көріңіз.