Қызылжар шағынауданында қазыналы қарттарға арналған «Ардагерлер үйі» ашылды. Қариялардың игілігіне берілген ғимаратты демеушілер қаржыландырған. Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары, «Аманат» партиясы мен ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.


 Шаһарда алғаш рет ашылған ардагерлер үйінде қарттарға арналған демалыс залы мен мәдени кеңістік қарастырылған. Мұнда қариялар уақытын қызықты әрі пайдалы өткізе отырып, қоғамдық өмірге белсенді араласа алады.


ҰЛЫҚПАН БАШЕНОВ, АБАЙ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Қалада тұңғыш рет ардагерлер үйі салынды. Абай ауданында 70-ке жуық бастауыш ұйым бар. Әрине, арнайы орында болмаса да, мектептер мен кейбір мекемелерде отыр. Бірақ жеке орталық жоқ еді. Енді демеушілердің жәрдемімен қуанышқа қол жеткізіп отырмыз.


Ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы ардагерлерді құттықтап, жаңа нысанның қариялардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға тың серпін беретінін атап өтті.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Біз балаларға тәлім-тәрбие беріп, өнеге көрсететіндей орындар ашылса деп айтқан едік. Қала әкімі де бұл пікірді қолдаған. Соның нәтижесінде бүгін ардагерлер үйі ашылды. Сіздердің еңбектеріңіз зор.


 Шағынауданның әлеуметтік инфрақұрылымы соңғы жылдары айтарлықтай дамыған. Ардагерлер кеңесінің ұсынысы бойынша жаңа мектеп салынып, жолдар жөндеуден өткен. Қоғамдық орындар мен мекемелер жаңартылып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылды.


БАСТАРХАН БАЙЖАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР ШАҒЫНАУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Ардагерлер кеңесі 5 жыл жүріп, шағынауданда мектеп салдырдық. Жол салдырттық. Араздасып жүрген тұрғындарды татуластырып отырамыз.


«Ардагерлер үйі» ауданның әлеуметтік әрі мәдени дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Ардагерлер өз тәжірибесі арқылы шағынауданның өмір сапасын көтеруге атсалысуды жоспарлап отыр.