Түркістан облысында 30-дан астам тіркелмеген қару тәркіленді. Республикалық «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полицейлер тіркелмеген 37 қаруды анықтаған. Оның 27-сі — тегіс ұңғылы мылтық, 6 газ тапаншасы, 3 шолақ және 1 травматикалық тапанша.
Сондай-ақ олардың қатарында түрлі калибрлі 50 оқ-дәрі бар. Мәселен, Төлеби ауданында полицейлер жергілікті тұрғыннан тиісті құжаттары жоқ аңшылық шолақ мылтықты анықтады. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді. Тіркелген дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары қаруды сақтау ережелерін бұзудың 30-дан астам фактісін анықтады. Полицейлер құқық бұзған азаматтарға тиісті шара қолданды.