Шымкентте Қазақ – Ауған бизнес форумы өтті. Іс-шара екі ел арасындағы экономикалық және сауда-саттықты дамытуға бағытталған. Жиынға екі елдің үкімет өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. Форум аясында Ауған кәсіпкерлері ұсынған өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды. Оған бизнес қауымдастығының 180 өкілі қатысты. Көрмеде қолөнер бұйымдары мен зергерлік әшекейлер, кілем, кондитерлік өнімдер және құрылыс материалдары ұсынылды.
Бұл Ауған кәсіпкерлерінің Қазақстанда өткізіп жатқан үшінші көрмесі. Іс-шара екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайтып, іскерлік ынтымақтастықты дамытуға серпін бермек. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан Ауғанстанды Оңтүстік және Орталық Азия өңіріндегі маңызды және ажырамас серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.
СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ-ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ
Шымкент қаласында төрт күн бойы өтетін осы көрме. Біз Ауғанстанмен қалыптасқан сауда-экономикалық, көлік-логистикалық жəне энергетикалық байланыстарды сақтау мен одан əрі нығайтуға мүдделіміз. Қазақстан Ауғанстанды тұрақты және гүлденген көршілес елдермен бейбіт қатынаста болатын мемлекет ретінде көргісі келеді.
Көрмеден соң ведомство өкілдері Қазақ ауған бизнес форумында бас қосты. B2B кездесуде ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері талқыланып, достық елдер арасындағы қалыптасқан сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыс туралы сөз болды.
НҰРИДДИН АЗИЗИ, АУҒАНСТАН ИСЛАМ ӘМІРЛІГІНІҢ САУДА ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП МИНИСТРІ
Әлемдік дағдарыстарға қарамастан, Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимыл белсенді дамып келе жатыр. Қазақстан өз өнімдерін Ауған нарығына шығарып қана қоймай, Ауған тауарларының қазақстандық нарыққа шығуына да ықпал етіп келеді. Екі ел арасындағы қалыптасқан сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарды сақтауға ерекше назар аударылуда. Осы елге былтырғы іс сапарымызда екі ел аласында жол картасы әзірленіп, меморандумға қол қойған болатынбыз. Соның аясында ауылшаруашық, медицина, білім, көлік логистика, және банк қатынастарының дамуы сынды салаларда алыс беріс артып келеді. Үрдіс жағасатын болады.
Бизнес форумнан кейін екіжақты келіссөздер өтіп бірлескен жобалар талқыланды. Бұл ынтымақтастық екі елдің экономикалық байланысын одан әрі нығайтуға жол ашады.