Шымкентте азық-түлік қауіпсіздігі, соның ішінде ет өнімдерінің сапасы мен ветеринариялық бақылау жүйесі қатаң қадағаланып отыр. Мұндағы мақсат- халықтың денсаулығын қорғау және тұтынушыларға қауіпсіз өнім жеткізу.


Шымшаһарда ет өнімдерінің қауіпсіздігі- басты назарда. Ірі қара мен ұсақ түлік сойылар алдында міндетті түрде ветеринариялық тексеруден өтеді. Арнайы зертханаларда жануар етіне кешенді сараптама жүргізіліп, құрамындағы зиянды бактериялар мен жұқпалы аурулардың белгілері мұқият зерделенеді.


АЙДАР ПӘРДЕБЕКҰЛЫ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ШҚ БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫ

 Түркиядан тыңайтқыштарды алып келуде, тиісті ветеринариялық құжаттың болмауына байланысты сол құжаттың бәрі тәркіленіп, жойылды.Былтыр Шымкентте контрабандалық жолмен келген құс еттері жойылды.Тексеру шарасына қалалық прокуратура мен ветеринариялық бақылау басқармасы қатысты.


 Мамандардың айтуынша, ет өнімдері алдымен визуалды тексеруден өтеді. Одан кейін сынамалар алынып, арнайы зертханалық құрылғыларда талдау жасалады. Егер қандай да бір кінәрат табылса, өнім сатылымнан алынып тасталады.


СЫРЫМ ҚАРАБЕК-- ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ШҚ БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Күнделікті біз инспекторлар қала аумағындағы шаруашылықтарға, кәсіпкерлерге түсіндіру, бақылау жұмыстарын жүргіземіз.Бөлімнің негізгі қызметтік мақсаты-жануарлар мен адамға ортақ ауруларды болдырмау, ұдайы бақылауда ұстау.


Азық-түлік қауіпсіздігі – тек бақылау шарасымен шектелмейді. Қала аумағына әкелінетін әрбір ет өнімі арнайы сертификатпен расталады. Қатаң тексерістен өткен соң ғана сауда орындарына жеткізіледі.