8 жастағы Айдын ұялы телефон жөндеп, ақша тауып жүр. Еңбекке ерте араласқан ол кез-келген смартфонның ақауын тауып, шебер жөндейді. Кейбір адамдар оны арнайы іздеп, алдын-ала қабылдауына жазылып та алады.
Айдын бұл өнерді әкесінің шеберханасында үйренген. Қазіргі кезде кез келген ақауды өзі анықтап, толық жөндейді. 8 жастағы өренді жас деп бағаламай, ісіне күмәнмен қарағандар кейін оның шеберлігін мойындайды. Ол әрбір деталға терең үңіліп, ісіне мұқият қарайды.
АЙДЫН БАҚЫТЖАН, ЖАС ШЕБЕР
Экранын ауыстырғанды, артындағы батарейкасын өзгертуді ұнатамын. Крышкасын ауыстырғанда кейде қиын көрінеді, бірақ істегенде оңай болады. Қорықпай істеймін, өзіме сенемін.
Бекжан Өтенов ұлының ептілігі мен елгезектігіне таң. Айдын айтқанын қайталамай, бірден қағып алып, іске асырады. Күн сайын жаңа әдіс үйреніп, шеберлігін шыңдайды. Әкесі оған қиын жұмыстарды да сеніп тапсырады, ойы – талабын ұштап, қанатын қатайту.
БЕКЖАН ӨТЕНОВ, ЖАС ШЕБЕРДІҢ ӘКЕСІ
Расында да, 8 жасар шеберді арнайы іздеп келетіндер аз емес. Тұрғындар Айдынды жас деп бағаламай, ұялы құрылғыларын сеніп тапсырады. Әрдайым көңілдерінен шығады.
Айдынның техникаға деген қызығушылығын ата-анасы қолдап, дамуына мүмкіндік жасап отыр. Төртінші сынып оқитын жас шебер демалыс күндері әкесінің шеберханасына келіп, қолғабыс етеді, шеберлігін шыңдайды.