Шымкентте көркем гимнастикадан «Шымкент қаласы Әкімі Кубогының турнирі өтіп жатыр.


 Халықаралық сайысқа Астана, Алматы,Тараз, Шымкент қалалары мен Өзбекстанның Самарқанд, Навои шаһарларынан спортшылар келген. жарысқа 2020 жылы туылған және одан жоғары жастағы 600-ден астам спортшы қатысуда. Олар жеке бағдарлама мен топтық жаттығу бойынша өнер көрсетуде. Жарыстың Бас төрешісі, Халықаралық дәрежедегі төреші – Лола Төлеубаева үздіктерді анықтайтын болады. Айта кетейік, бүгінгі таңда, қалалық көркем гимнастика спорт мектебінде 40 жаттықтырушы-хореограф 400-ден аса балаға оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.


МУСЛИМ ШАНАЗАРОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

 Шымкент қаласы әкімінің кубогын дәстүрлі түрде Республика күніне орай ұйымдастырамыз. Биылғы ойын Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы мен тұспа-тұс келіп отыр. Еліміздің бірнеше қаласынан спортшылар келді. Өзбекстаннан келген жас спортшылар бар. Сайыскерлер бүгін таңнан бері топтық жаттығу бойынша өнер көрсетті. Жеңімпаздарды марапаттадық. Енді жеке бағдарлама бойынша сайыс өтеді. Жалпы сопрттық іс-шара 31 қазанға дейін жалғасатын болады.