Ордабасы ауданында Республика күні ерекше сән-салтанатпен тойланды. Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйінде өтті. Шараға аудан басшылығы, ардагерлер, білім, мәдениет саласының өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.


Мереке барысында еліміздің мемлекеттік рәміздері көтеріліп, әнұран шырқалды. Салтанатты жиында аудан әкімі тұрғындарды Республика күнімен құттықтап, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтау - әр азаматтың борышы екенін атап өтті.


Тәуелсіздік жолында еңбек етіп жүрген, қоғамдық өмірге белсене араласқан бірқатар азаматтарға аудан және облыс әкімдерінің алғыс хаттары табыс етілді.


АҚМАРАЛ СЫЗДЫҚОВА, «АРАЙЛЫМ» БАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

 /Алдымен мектап қабырғасында, он бес жылдан бері бала-бақша меңгерушісі болып қызмет жасадым. Еңбегім еленіп бүгін марапат алғаныма өті қуаныштымын/


Сахна төрінде аудан өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынды. Қазақтың дәстүрлі әндері мен би қойылымдары мерекенің көркін келтірді.