Шымкентте тағы бір ұлттық нақыштағы жаңа мейрамхана есігін айқара ашты. “Бауырдақ” деп аталатын дәмхана - қазақтың қонақжай дәстүрі мен заманауи сервис мәдениетін ұштастырған ерекше орын. Жайлы кеңістік, сапалы қызмет және дәстүрлі дәм- мейрамхананың басты ұстанымы. Тақырыпты тілшіміз сабақтайды.


Мейрамхананың ашылу салтанатына қала тұрғындары мен кәсіпкерлер, өнер адамдары қатысты. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақы нақышта безендірілген интерьермен танысты.


 ЕРСҰЛТАН ТӨЛЕ, BАUУRDAQ МЕЙРАМХАНАСЫНЫҢ ИЕСІ

24/7 қызмет етеміз. Мейрамханада ауылдың дәмін қалаға алып келген. 


 БАЛҒАБАЙ ТӨЛЕҰЛЫ, BАUУRDAQ МЕЙРАМХАНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ

Балаларым мейрамхананы ашып қуанып отырмыз. Келіңіздер..


Мейрамхана иесінің айтуынша, “Бауырдақ” атауы бауырмалдық пен бірлікті білдіреді. Мекеме халал бағытта тәулік бойы қызмет көрсетеді.


ЭЛЬМИРА ҚАЛМАНҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Қаланың орталығынан ашылған мейрамханаға келіп қуанып отырмыз. Отбасымен келіп демалуға таптырмас орын екен 


Мұнда келушілер үшін арнайы кабинкалар мен жайлы тапчандар қарастырылған. Кез келген қуанышыңызды -туған күн, отбасылық кеш, мерейтой секілді шараларды осында кең көлемде атап өте аласыз. Залдың сыйымдылығы - 150 адамға шақталған.


АХМЕТЖАН КЕРІМБЕК, А.ҚАТТАНИ АТЫНДАҒЫ МЕШІТТІҢ БАС ИМАМЫ

Шымкентте халал орындар жеткілікті. Тағы бір мейрамхананың ашылғанына дән ризамыз...


“Бауырдақ” мейрамханасы Шымкент қаласы, Республика даңғылы 43-үйде орналасқан. Қонақжай ұжым сіздерді жылы жүзбен қарсы алып, ең дәмді асымен қуантады. Келіңіздер, “Бауырдақта” - дәм де, дәстүр де бар!