Түркістанда өткен жүгіру марафонына 3 мыңнан аса азамат қатысты. Облыс әкімдігінің қолдауымен өткен бұқаралық жүгіру жарысына тұрғындар мен кәсіби спортшылар, сондай-ақ шетелдік атлеттер қатысты.


 Жалпы саны 3 мыңнан аса қатысушы салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын насихаттап, өз төзімділіктерін сынға салды. Шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеу және есірткіге қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру. Мемлекет басшысы өз жолдауында: «Есірткі қылмысына қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуі тиіс» екенін атап өткен болатын. Қатысушылар осы ұранды бетке алып, зиянды әрекеттерге қарсы екендерін көрсетті.