Көкпардан облыс құрамасы жастармен толығуда. Сайрам ауданының Қарасу ауылында Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлері мектебі, аудандық ұлттық спорт клубтары және «Көкпар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің қатысуымен кеңейтілген мәжіліс ұйымдастырылды.


Басқосуда алдымен сөз алған Түркістан облыстық «Көкпар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғани Ахметбаев өңірдегі көкпар спортының қазіргі ахуалына тоқталды. Алда атқарылар жоспарлармен де бөлісті. Ол көкпаршылардың дайындық деңгейін арттыру, жүйелі жаттығу процесін қалыптастыру және бірқатар өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстарды ортаға салды. Қараша–желтоқсан айларында ересектер арасындағы облыстық турнирлерді ұйымдастыру көзделіп отыр. Сол байқауда үздік ойын көрсеткен палуандар назарға ілінетін болады.


ЖАНЫС САЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

«2003 пен 2005 жылғы балаларымыз кезінде Қазақстан чемпионы болған. Сол балаларды шақырып, қазір 8 баланы дайындап қойдық. Тағы да алда жарыс жоспарлап отырмыз 2003–2005 жылғы балалар арасында. Солардың ішінен тағы іріктеп, облыс құрамасын жасақтаймыз».