Үш күнде үш мыңға жуық құқықбұзушы анықталды. Түркістандық полицейлер қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау бағытында 3 күн бойы профилактикалық іс-шара өткізді. Нәтижесінде 70 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеп, 58-ін ізін суытпай ашты. Іздеуде жүрген 3 азамат құрықталып, бұрын жасалған 2 қылмыс ашылды.


Тіркелмеген қаруды алып жүрудің 5 дерегі, есірткі және қарумен байланысты заттарды сақтау және оны тасымалдаудың 6 дерегі тіркелді. Сонымен қатар 961 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Қатарында мас күйде қоғамдық орындарда жүрген 132 тұрғын, түнгі мезгілде ата-анасының қарауынсыз жүрген 193 жасөспірім бар. Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарды бұзған 10 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Сауран ауданының полицейлері түнгі сағат 23:30 шамасында 21 жасқа толмаған азаматқа ішімдік сатқан сатушыны анықтап, жеке кәсіпкерге қатысты іс құжаттарды сотқа жолдады. Ал жол саласы бойынша автокөлікті мас күйде басқарған 11 құқық бұзушы, қарсы қозғалыс бағытына шыққан 19 жүргізуші жауапқа тартылды. Түлкібас ауданында полицейлер мас күйде көлік тізгіндеп, салдарынан жол көлік оқиғасын жасаған жүргізушіні ұстады.