2023 жылдың 3 наурызынан бастап азаматтардың қаржылық жағдайын реттеуге арналған жаңа тетік іске қосылды. Енді қазақстандықтар төлем қабілетін қалпына келтіру немесе банкроттық рәсімін сотқа бармай-ақ рәсімдей алады.


 Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға азаматтар бірқатар шарттар орындалған жағдайда өтініш бере алады. Атап айтқанда, банктер мен микрокредиттік ұйымдарға берешек сомасы 1600 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Сонымен қатар, борышкердің атында тіркелген мүлік немесе меншігінде бағалы дүние болмауы қажет. Бұл тетік әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған.


АҚЕРКЕ БАУЫРЖАН, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

2023 жылдың 3 наурызынан бастап азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық рәсімін қолдану туралы заң күшіне енді. Бұл тетік халықтың қарыз жүктемесін азайтып, қаржылық жағдайын реттеуге бағытталған. Жеке тұлғалардың берешегін шешудің үш жолы қарастырылған: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.


Өтініш беру процесі толықтай электронды форматта жүзеге асырылады. Азаматтар eGov.kz электронды үкімет порталы, e-Salyq Azamat немесе eGov Mobile мобильді қосымшалары арқылы өтініш қалдыра алады.