«Мен донормын». Шымкентте ерікті жастар қан тапсырды. Акцияға донор болуға ерік білдірген 50-ден астам волонтер қатысты.
Қан орталығында өткен шараны қалалық «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды. Негізгі мақсаты – жастар арасында донорлық мәдениетті қалыптастыру, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету. «Мен донормын» акциясы ерікті жастармен тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
АРЛЕН ТІЛЕУОВ, ЕРІКТІ
«Мен донор» акциясына бірінші рет қатысып жатырмын. Бәрін осындай игі іс-шараға шақырғым келеді. Осындай кішігірім әрекеттің біреудің өмірін сақтап қалу мүмкіндігі бар. Сол себепті барлығымыз донор болайық.