Шымкентте Отбасы банктің кезекті 16-шы кеңес беру орталығы ашылды. Орталық құрылыс компаниясының сату бөлімі жанынан ашылып отыр.
Банк өкілінің айтуынша, Шымсити шағын ауданында консультация алатын жер жоқ. Кеңес орнының мұндай жерлерде ашылуы тұрғындардың уақытын үнемдейді. Жыл соңына дейін қала аумағында 20 банк орталығын ашу жоспарлануда.
ЕРКІН АҚЫНШАЕВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«16-шы кеңес беру орталығы ашылды бүгінгі күнге. Орталықтар шағын аудандарда, ХҚКО, сауда орындарында ашылған. Салымшыларға ыңғайлы болу үшін. Жүрген жерлерінде төлем қабілетін растап, депозитін қарап немесе жаңасын ашып алады. Қазір алда келе жатқан бағдарламаларға дайындық жүріп жатыр. Салымшылар келіп осы жерден ақпарат ала береді.»