Облыстық клиникалық ауруханасында бауыр алмастыру отасы сәтті өтті. Бұл туралы аурухананың басшысы Жанболат Ділдәбеков брифингте мәлімдеді. Бауыр трансплантациясы биылға екінші рет өткізіліп отыр. Толығырақ келесі сюжетте.
Екінші трансплантация бауыр жетіспеушілігінен зардап шеккен 54 жастағы науқасқа жасалды. Әйел адамға 24 жасар ұлы туыстық донор болды. Ота сәтті өтті, дәрігерлердің айтуынша, науқастың қазір жағдайы жақсы.
ЖАНБОЛАТ ДІЛДАБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
29 қыркүйекте облыстық клиникалық ауруханасында екінші бауыр трансплантациясы сәтті өткізілді. Науқас біраз уақыт ауруханада бақылауда болды. Жағдайы жақсарғаннан кейін толық тексеруден өтіп, науқас қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды.
Ал облыстық клиникалық ауруханасындағы алғашқы туыстық бауыр трансплантациясының доноры – Элвира Сахидинова. Ол өзінің науқас анасының өмірін сақтап қалды.
ЭЛВИРА САХИДИНОВА, ДОНОР
Біз отбасыда бес бауырмыз. Оның екеуі 18 жасқа толмаған. Үшеуміз тексеріліп, меніңкі сәйкес болып шықты. Анамның жағдайы мен денсаулығы үшін туыстық бауыр трансплантациясына келісім бердім.
Айта кетейік, республика бойынша күту парағында 4 мыңнан астам адам ағзасын ауыстыруға кезекте тұр. Бұл олардың туыстарында сәйкес келетін донор жоқ деген сөз.