Қоғамда суицидтік көңіл-күйді болдырмаудың басты көзі – отбасындағы тәрбиеде жатыр. Өйткені баланың өсіп-жетілуіне, дұрыс бағытта есеюіне, тура жолды таңдауына отбасындағы тәрбиенің тигізер пайдасы зор.


Суицидтік, яғни өзін-өзі өлімге итермелеудің жолын бөгеу, тіпті болмағанда азайту бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі. Тіпті түйткілді мәселені ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та көтеріп, ұрпақ тәрбиесіне баса мән беру қажеттігін айтқан болатын. «Балалар арасындағы әлімжеттік, бір-бірін қорлау, қорқыту да белең алып барады. Жастайынан томаға-тұйық, көпшілікпен араласа бермейтін, өзімен-өзі саяқ жүретін балалар ортасында психологиялық қысымға ұшырағанда, тығырықтан шығар жол тек суицид деп қабылдайтыны өкінішті, – дейді мамандар. Бұның алдын алу бәріміздің парызымыз.