Түркістан облысы, Арыс қаласында өндіріс орындары көбейіп, инвестиция көлемі артады. Ауыл шаруашылығы, логистика салаларында да маңызды жобалар жүзеге асады. Бұл жоспардың бәрі Арыс қаласының 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясына енгізілді.

Аталған құжат облыс әкімдігінде өткен арнайы мәжілісте таныстырылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласының транзиттік, логистикалық және өндірістік әлеуетін толық пайдалану керектігін айтты. Даму стратегиясындағы әрбір жоспар мен индикаторлар орындалуы керектігін ескертті. Ұсынылып отырған даму жоспарына сәйкес 2030 жылға дейін Арыста өнеркәсіп өндірісі 12,6 млрд. теңгеден, 35,8 млрд. теңге жетіп, 3 есеге дейін өседі деп күтіліп отыр

ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

- Тоғыз айдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнімнің көлемі 38,5 млрд теңгені құрады. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші