Шымкенттік студенттер ұлттық спорттан бақ сынасты. Қалада Студенттер күніне арналған «Денсаулық зор байлық» атты қазақ ұлттық спорт түрлерінен университет аралық спартакиада жалауын көтерді.


Бұл жолғы спартакиаданы өткізуді  Шымкент университеті мойнына алған. Білім одасының ауқымды спорттық шараны өткізуге қауқары жетерлік. Заманауй спорттық алаң мен жабық залы да бар. Салтанатты шарада  студенттер сап түзеп, әнұран шырқалып, Шымкент универитетінің ректоры құтықтау тілегін айтты. Артынша командалар арасында жеребе тасталып, сайыс басталды. Ұймдастырушылар ұлттық спортты ұлықтауға басымдық бердік –дейді.  

Спартакиада ләнгі тебуден басталды. Епті жігіттер қорғасынды ұршықша үйіріп, аяқ жылдамдығын көрсетті. Қол күресі сайысыда көрерменнің делебесін қоздырып, қызу тартысты бәсекеге ұласты. Ал кір ьтасын көтеруде білекті жігіттер қарымын көрсетті. Айтқандай студенттер арасында әлемдік жарыстарда топ жарған саңлақтар бар. Соның бірі төрт дүркін әлем чемпионы Нұрболат Ергешов.  

8 білім ордасының студенттері қатысқан дода да бағы мен бабы келеген командалар топ жарды. Нәтижесінде командалық есепте үшінші орынды Мирас университеті сплртшылар иемденді. Алаң иесі Шымкент университеті екінші орынды жеңіп алды. Ал бірінші бәйгені Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттері қанжығасына байлады.