«Мемлекеттен көмек алу үшін табысын әдейі азайтып көрсететін адамдар бар». Үкіметтің кеңейтілген отырыснда Президент Қасым Жомарт Тоқаев осылай деді.
 «Қазіргі таңда 4,5 миллионға жуық адам мемлекеттен әлеуметтік көмек алады. Бұл – шамамен еліміздің әрбір бесінші тұрғыны деген сөз. Басым көпшілігі – еңбекке жарамды азаматтар. Халыққа әлеуметтік көмек береміз деп, біз, шыны керек, қоғамда масылдық психологияға жол берілгенін айтты. Өркениетті ел боламыз десек, мұндай жағымсыз үдеріске тосқауыл қоюымыз керектігін жеткізді. Тұратын үйі, тіпті, астында қымбат көлігі бар азаматтарға емес, көмекке зәру адамдарға көмек берілуі қажет екені ескерілді. Азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін қайта қараған жөн. Себебі мемлекеттен көмек алу үшін табысын әдейі азайтып көрсететін адамдар бар. Әлеуметтік көмекті кімге беру қажеттігі адамның кірісіне емес, шығысына қарап анықталуға тиіс. Бұл мәселеде бір нақты шешім қабылдау қажет», - деді Қ.Тоқаев. Қазір осы бастама бойынша қосымша ұсыныстар әзірленуде.