«Шоқтығы биік Шона аға».  Халықаралық  күлкі күніне орай ақын, сықақшы Шона Смаханұлының 100 жылдығы аталып өтілді. Қалалық әзіл – сықақ және сатира театрында өткізілген мерекелік кеште тау тұлғаның астарлы әзілдері  сахналанып, әндері орындалды.

 Қоғамда орын алып жатқан келеңсіздіктер мен жайсыз жағдайларды халыққа астарлы әзілмен жеткізе білген Шона Смаханұлының қаламынан 60 жуық кітап жарық көрген. Бүгін соның санаулысына ғана тоқталуға мүмкіндік туғанын жеткізген қалалық әзіл – сықақ және сатира театрының әртістері жастардың тәрбиесі мен қарттардың қылығын әдемі әзілмен көрерменге ұсынды.

 Шона Смаханұлы қазақ сатирасында ғана өзінің қолтаңбасын қалдырған жоқ. Ол ана тілінің арашасы бола білді.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған мерекелік кеште астарлы әзілдер айтылып, әсем ән шырқалды. Шоқтығы биік тұлғаның шығармаларына алдағы уақытта  кеңінен тоқталуға ниетті екендерін білдірген әртістер  дайындыққа небәрі екі – үш күн ғана уақыт жұмсағандарын жеткізді.