Ел басына күн туған шақта Сарыағаштағы шипажай басшылары бірігіп көмек қолын созуда.  Олар су тасқынынан зардап шеккен халыққа 200 астам жолдаманы тегін үлестіріп, апат аймағынан келгендерге  барынша қолдау білдіруде.  

Тас түскен жеріне ауыр. Апат аймағындағы ағайынның қайғысына ортақтасып, қолдау білдірген Сарыағаштағы шипажай басшылары тегін жолдама беруді ұйғарыпты. Кеңесе келе мүмкіндікті 200 астам адамға беруді көздеген олар, қажетті емнің барлық түрі ақысыз жүргізілетінін айтады.   

 Шипажай басшылары су тасқынынан зардап шеккен халыққа қолдарынан келгенше көмек көрсетіп келеді. Өз араларында жылу жинап, апат аймағына қарай бірнеше мәрте жөнелткен. Жолдан қалған жұрттың жанынан табылып жүргенде осындағы ағайын.

 Бақытсыз жағдайға бей – жай қарамайтындарын осылайша  білдірген Сарыағаштағы шипажай басшылары игі істі әрмен қарайда жалғайтындарын жеткізді. Қолдан келген көмекті аянып қалмаймыз, деген олар қандай жағдайдада халықпен бірге екендерін айтады.