Шымкентте мобильді байланыс сапасы артады. Қағаз жүзінде емес, халық нақты өзгерісті байқайды. Бұл қалалық цифрландыру басқармасы басшысының сөзі. Айтуынша бұл бағытта үшінші мегаполисте жаңа базалық станциялар орнатылып, ескілері жаңғыртудан өтуде.
Өткен жылы мобильді байланыс сапасын тексеру жұмыстары барысында нақты 50 нүкте анықталған. Сол кемшіліктерді жою мақсатында шаһарда салаға жауапты Кар Тел, МТС, Кселл компаниялары жаңа базалық станцияларын орнатуды бастап кетті. Басқарма басшысының айтуынша шілде айына жақын қала тұрғындары мен қонақтары сапаның анағұрлым артқанын байқайды.
Сонымен қатар Мұхит Кемелов Шымкент айти хаб орталығының ашылатынын айтты. Әлемдік нарықтарға шығатын стартаптарға қолдау көрсетуде жобаның маңызы зор дейді басқарма басшысы. Астана Хабтың баламасының шілде-тамыз айында техникалық ашылуы өтеді екен.
Айта кетейік, «2GIS» қосымшасында жедел қызметтердің яғни емхана, полиция пункттері өрт қауіпсіздік саласы және комуналдық қызметтердің байланыс нөмерлері және орналасқан жері туралы ақпараттар орналастырылды. Бұдан бөлек, биыл қалада тағы 5 қоғамдық орында 15 дана вайфай құрылғылары орнатылады.