Түлкібаста сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлері бас қосты. Жазғы мектепте «Квазимемлекеттік сектор субьектілеріндегі адалдық мәдениеті» талқыланды. Еркін форматта өткен жиында жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын алу мен қабылданған жаңа заңдардың маңыздылығы айтылды. Ең бастысы көз қысты, бармақ басты әрекетке итермелейтін жат қылықтан арылу жайы сөз болды.
Комплаенс-офицерлерінің жазғы мектебі әдеттегідей кабинетте емес бұл жолы табиғат аясында ұйымдастырылды. Ашық әрі еркін форматта өткен жиында квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі адалдық мәдениетін қалыптастыру жайы сөз болды. Түрлі тәжірибелер мен социологиялық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей,жемқорлық тәуекелдерінің туындауы азаматтардың жауапкершілік деңгейіне тікелей байланысты. Яғни, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру керек. Бұл бағытта әр мекемеде қызмет атқаратын комплаенс-офицерлердің орны бөлек болмақ.
Біраз бұрын комплаенс негізінен банктік сектор мен ірі халықаралық ұйымдарда ғана белсенді дамыған еді. Қазір сәйкесінше түрлі мемлекеттік органдар мен жеке компаниялар да бұған қызығушылық танытып отыр. Өйткені «комплаенс-офицер» лауазымын енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мен қатар ішкі бақылауды оңтайландыруға негіз болмақ.
Қазақстан БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясын ратификациялау туралы заңды 2008 жылы бекітті.Соның негізінде Ұлттық жоспар-100 нақты қадам жобасы қалылданды. Онда жемқорлыққа қарсы күресте жетістікке жеткен әлем елдерінің озық тәжірибелері қолданылды. Нәтижесінде жаңа заңдар қабылданып, ішкі бақылауды оңтайландыру саласы халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Жазғы мектепке қастыушылар жаңа заңмен жақынырақ танысты. Бастысы түрлі заңнамаларға қатысты көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап тұшымды жауап алды.
Мемлекеттік сатып алу, түрлі конкурстар мен тіпті азаматты жұмысқа қабылдауда жемқорлық тәуекелділігі туындауы бек мүмкін. Осы тұста комплаенс-офицерлер жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын алу мен квазимемлекеттік сектор субьектілеріндегі адалдық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі, деп отыр сарапшылар.