Шымкентте тапа-тал түсте скутерлер ұрлаған үш түркістандық азамат ұсталды. Полиция мотокөліктерді иелеріне қайтарды.

 Ұрлық туралы арыздар Тұран ауданының полиция басқармасына түскен. Арызданушылардың айтуынша, скутерлер көпқабатты үйлердің ауласында тұрған. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларына дереу кірісіп, қылмысты ашқан. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы күдіктілерді анықтап, қозғалыс бағытын бағамдап отырған. Олар Түркістанда қолға түскен. Ұсталғандардың айтуынша, бөтеннің скутерлерін үйге қайту үшін айдап кеткен. Полицейлер мотокөліктерді тәркілеп, заңды иелеріне қайтарды. Қазір тергеу жүріп жатыр.