Шымкеттегі мұнай өңдеу зауытында бір әулеттің 4 мүшесі жұмыс істейді. Олардың жалпы еңбек өтілі 60 жылдан асады. Ата, әке, бала династиясын жалғастырған отбасына біздің түсірілім топ барды. Бір мекемеде қызмет етудің қызғы мен қиындығы қандай? Сюжеттен көріңіз.
Бақытжан Бахиев Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдерін есепке алу жөніндегі техник қызметін атқарады. Жұмыс өтілі 40 жыл болған жұмысшы ардагер 2023 жылы «Еңбек жолы» конкурсында жеңімпаз атанған. Бұл отбасыға «Үздік еңбек әулеті» номинациясы берілген. Оның інісі, баласы және келіні өзі жұмыс істейтін зауытта түрлі салада қызмет етеді.
Ал Бақытжан Бахиевтің ұлы Ерлан зауытта электр монтер қызметінде. Алғашында кеден қызметінде еңбек етуді мақсат еткен ол әке кеңесін тыңдап өнеркәсіп саласын таңдаған. Мұнай өңдеу зауытында 11 жылдан аса еңбек өтілі бар. Айтпақшы, ол келіншегімен осы зауытта танысып, шаңырақ құрыпты. Қазіргі таңда әулет келіні Мәншүк Ахынова химиялық талдау лоборанты болып жұмыс істейді.
Бұл зауытта Бақытжан Бахиевтің інісе де жұмыс істейді. Бауыржанның бұл өндіріс орнына қызметке келгеніне 4 жылдан асқан. Ол мұнай өңдеу зауытында өрт қауіпсіздігін қадағалайтын көлікті тізгіндейді. Өнегелі отбасы осылайша адал еңбегімен көпке үлгі болып отыр. «Үздік еңбек әулеті» маңдай тер мен табанды бейнет баянды ғұмырдың негізі,-дейді.