Молдованың Кишинев қаласында Еуропа чемпиондар лигасының қарымта кездесуі өтті. "Петрокуб" командасымен кездесу өткізген Шымкенттік «Ордабасы» 1-0 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, жерлестеріміз Еуропа лигасы ойындарын жалғастыра алмайтын болды.
Еуропа чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде "Ордабасы" командасы алғашқы кездескен команданы ұта алмады. Бірінші кездесу Шымкентте 0-0 есебімен тең тарқасқан болатын. Кишиневте өткен қарымта кездесуде алаң иелері жеңіске жетіп, 1-0 аяқтады. Молдованың чемпионы екі кездесудіді жоғары деңгейде өткізе білді. Ойынның бірінші кезеңінің 34 минутында шабуылшы Лонгу 16 метрлік айып алаңының сыртынан теуіп гол салды. Ордабасы сапына жақында ғана келіп қосылған белоруссиялық қақпашы Сергей Игнатович ешқандайда қауқар көрсете алмады. Молдовалық команданың бюджетімен Қазақстанда командалар бірінші лигада ойнайды. Мұны ойын соңында болған баспасөз мәслихатында " Петрокуб" командасын бапкері Андрей Мартин де айтты. "Ордабасының" бюджеті біздің қанша есе көп болса да, алаңдағы ойынды жасайтын елін қорғай алатын, жанын берген ержүрек ойыншылар. Екі кездесуде де жігерлі деген ойыншыларым жарады".- деді. Ал Ордабасыны лайықты тұрғыда Европаға дайындай алмаған команданың бас бапкері Александр Седнев футболшыларға өкпем жоқ депті. Ордабасы енді Конференция лигасында Люксембургтық Дифферданж командасымен кездеседі.