Облыс әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс нысандарып аралап болған соң аудан халқымен кездесті. Өтініштерін тыңдап, ұсыныстарына құлақ асқан аймақ басшысы өңірдің дамуы жөнінде сөз қозғады.
Есепті кезеңде аудан экономикасына 118 млрд. 495 млн. теңге инвестиция тартылған. «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін Шолаққорған, Созақ, Құмкент, Жартытөбе ауылдық округтері қатысқан. Аталған ауылдық округтерден ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, жеңілдетілген несиемен қамтылып, олар 88 млн. 850 мың теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған. Ауданда газбен, электр қуатымен қамту, әлеуметтік нысандар салу жұмысы жалғасып жатыр. Жиында облыс әкімі мен басқарма басшыларына бірқатар міндет жүктеп, ауданды дамыту жұмысын ширата түсуді тапсырды. Кездесуден кейін өңір басшысы тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыс жүргізілетінін жеткізді.