Қазақстанда автобус жүргізушілерінің ең төменгі жасы, яғни D санаты төмендетілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Заңға қол қойды.
Бұрын D санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін үміткер 25 жасқа толып, сыйымдылығы төмен автобустарда үш жылдық жұмыс өтілі, сондай-ақ жүк көлігінде бір жыл санаты, яғни D1 кіші, С1 кіші санаты болуы керек еді. Енді жүргізуші орнынан басқа 16-дан астам орны бар автобустар және троллейбустармен жолаушыларды тасымалдауға 23 жасқа толған, жүргізуші ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар, оның ішінде D1 кіші санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі кемінде бір жыл болуы қажет.