Қазақстан құрамасының боксшысы, Түркістан өңірінің өрені Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады.


Бұл жекпе-жекті Түркістан жастары мен тұрғындары амфитеатрда тікелей эфирде тамашалады. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бастаған түркістандық жанкүйерлер спортшымызға қолдау көрсетті. 51 келі салмақта бақ сынаған отандасымыз барлық раунда өте шебер жұдырықтасты. Алғашқы раундта 4:1 есебімен алға шықты. Екінші раундта Айтжановтың шәкірті басымдықты толық қолға алып, айқын жеңіске жетті.