Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай, Президент орталығында орналасқан №211 референдум учаскесіне барып, АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді.
Мәдениет және ақпарат министрі де, референдумда өз таңдауын жасады. Аида Балаева Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан 164-ші референдум учаскесінде дауыс берді.
Ал, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, елордадағы №230 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады. Азаматтық борышын өтегеннен кейін журналистермен тілдесті. Алмасадам Сәтқалиев осы референдум бойынша үлкен жұмыс жүргізілігенін атап өтті. Бір жыл бойы өңірлерге сапарлар ұйымдастырылып, эксперттік қолдау қамтамасыз етілгені сөз етілді.