Шымкентте «реновация» бағдарламасы аясында «Көксай» шағын ауданындағы апатты деп танылған үйлердің тұрғындарына жаңа пәтердің кілттері табысталды. Алғашқы 8 отбасыға «Шымкент сити» шағын ауданынан жаңа әрі таза әрлеудегі пәтер беріліп жатыр.
Тұрғындар арасында Зеленая балка аталып кеткен Көксай шағынауданының тұрғыны Эльмира Ахметова үшін бүгін қуанышты күн. Себебі жаңа пәтерге қоныстанбақ. 65 жыл бұрын салынған үйде 15 жыл бойы тұрып келген ол реновация бағдарламасын ести сала құжат тапсырғанын айтады. Сондай-ақ жаңа пәтерінің ауданы ескісінен 30 шаршы метрге артық.
ЭЛЬМИРА АХМЕТОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
қуаныштымын Аллаға шүкір. Әкіміміз бізге осындай үлкен ғимарат табыстап жатыр. Барлығына алғысым шексіз.
Бүгінде қала бойынша реновация бағдарламасымен 30-дан астам отбасы баспаналы болған. Жылдар бойы шешілмеген шағынауданның қордаланған мәселелері алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешілмек дейді мамандар.
АЗАТ ИСЛАМОВ – ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
бағдарлама аясында қазір бұл азаматтарға жаңадан өздерінің бөлме санына қарай пәерлер берілуде.Бұл пәтерлер таза әрлеуде.Көшседе болады.01:18 етілмейді
Айта кетейік, бағдарлама шарты бойынша апатты үйлердің иелері жаңа ғимараттан көлемі мен бөлмелеріне сай пәтер алады. Жаңа тұрғын үй кешеніне мердігер компания 7 жылға дейін кепілдік берген. Сондай-ақ тұрғындар бұл пәтерлерге құжаттарын рәсімдеген соң кез-келген мақсатта пайдалана алады.