ҰБТ-дан шекті бал ала-алмаған талапкер шартты түрде оқуға қабылданып, білгіленген мерзім шеңберінде тестілеуді қайта тапсырады. Егер университет студенттерінің 10% пайызы осы жүйе негізінде оқып жүрсе, онда ол оқу орны күдікке ілігіп, міндетті тексеріс жүргізіледі. Осылай деген Ғылым және жоғары білім вице-минстрі Талғат Ешенқұлов лицензиядан айырылған университеттердің басым бөлегінде, қабылданған студенттердің ҰБТ көрсеткіштері төмен болғанын мәлімдеді. Шымкентке арнайы іс-сапармен келіп, қала тұрғындарымен кездескен жауапты  салдағы салмақты мәселелерді сараптап, жылды қорытындылады.  

Енді оқу бағдарламасын жұмыс берушілер тексереді. Яғни, министрлік жоғары оқу орындарының бағдарламасын кәсіпорындар мен мекемелерге ұсынып, жарамдылығын талдайды. Вице министрдің айтуынша, мұндағы мақсат – нарыққа сапалы маман шығарып, сұранысқа лайықты ұсыныс дайындау. Келісіп пішкен тон келте болмай, сұранысқа сай даярланған маманның дипломы сандық түбінде шаң баспайды деп күтілуде.

 ТАЛҒАТ ЕШЕНҚҰЛОВ, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
 – «Барлық айти компанияларының мамандарының басшыларын шақырып : мына бағдарламамен дайындалған маманды сіздер аласыздар ма? Мына бағдарламамен дайындалған маман білге жарамайды. Білімі бізге сәйкес емес немесе біз мұны қайта оқытуымыз керек деген сынды бағалайды.» -

 Университеттер студенттерге арнап ұдайы анонимды салаунама жүргізіп отырады. Онда шәкірт ұстазын бағалап, білім бағдарламасы жайындағы пікірімен бөліседі. Қандайда бір арыз-шағым, талап-тілегі болса, оны да құпия негізде жариялай алады. Жауаптының айтуынша, аталған жүйе жемқорлық тәуекелдерін тыйып, келеңсіздіктердің алдын алуға көмектеседі.

ТАЛҒАТ ЕШЕНҚҰЛОВ, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
 – «Жоғары оқу орындары білім сапасын көтеру үшін сараптама жүргізуі керек. Беріліп жатқан білімнің пайдалы-пайдасызын, керекті-керексізін анықтау үшін анонимды сауалнамаларды үнемі жүргізіп отырамыз»

Жиынға қатысқан Ө.Жәнібеков университетінің басшысы Гүлжан Сүгірбаева кездесудің мән-маңызы жоғары екенін айтып, көтерілген мәселелердің өзекті екенін жеткізді.
ГҮЛЖАН СҮГІРБАЕВА, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ РЕКТОРЫНЫҢ У.М.А
 – «Көкейтесті салаудар.. Грантқа баланысты, білім беру жүйесіне байланысты. ЖОО рейтингтеріне байланысты.»  – «Сол сұрақтарға жауап берілген кезде өзіме де тың мәлімет алдым, журналисттерде тұщымды жауап алды деп ойлаймын»
Шымкентке арнайы келіп, жылды қорытындылаған вице-министр әуелі қала тұрғындарымен кездесіп, көкейтесті сауалдарға сауап берді. Одан соң журналистерге арналған брифинге қатысып, БАҚ өкілдерімен тілдесті. Маңызды мәселелерді көтеріп, министрліктің жоспарларымен бөлісті.