Шымкентте 6 бірдей жайлы мектептің техникалық ашылуы өтті. қала әкімі Ғабит Сыздықбеков осы білім ұяларының құрылысымен танысты. Қазір мектептер бала қабылдауға дайын. Соңғы тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жайлы мектептердің жай-күйін тілші жеткізсін.
Шымкентте 18 жайлы мектеп салу жоспарланған. Соның 6-ы бүгін техникалық тұрғыда ашылды. Бұл білім ұяларында балалар үшін барлық жағдай жасалған. Жаңа жылда жаңа тоқсанды 16 мың бала жаңадан берілген 11 жайлы мектепте қарсы алмақ.
САЛТАНАТ СЕЙДІМЕТОВА, №141 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
- 1200 балаға арналған. Осы жерде балалар білім алып, өздерінің қажетті үйірмелеріне қатысатын болады. Олар үшін қазір мынау құрылыс компаниясы барлық қажетті құрылғыларды әкеп орнатты. Жаңа жылда осы ауылдың балаларын жаңа мектепте қарсы алуға дайынбыз.
Жаңатұрлан елдімекеніндегі мектептің құрылысына 6 млрд теңге қаржы қаралған. Самрұқ-Қазына қорынан бөлінген қаражат толығымен игерілген. Мердігерлер жауапты жұмысты тиянақты атқарғандарын алға тартып отыр.
АЗАТ ИБАДУЛЛАҰЛЫ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Жайлы мектептің жайлылығына кепілдік береміз. Өйткені біз үшін де бұл үлкен мәртебе болды. Сенім білдіріп, 1200 орындық мектепті салуға мүмкіндік берді. Сол мүмкіндікті тиімді пайдаландық. Алғыс білдіреміз. Осы мектепті білімді балалар өсіп-өне берсін.
Бүгін ашылған жайлы мектептер Жаңатұрланмен қатар Тұран-2, Бозарық, Ақжар, Сәуле, Ұлағат шағын аудандарында орналасқан. Енді осы елді мекеннің балалары ауыл ішіндегі мектепте білім алып, түрлі үйірмемен шұғылданатын болады.