Жаңа жылдың қарсаңында дастархан қамымен жүрсеңіз, оның шешімі бар. Мерекені «Айжамал тәттілерімен» қарсы алыңыз! Ұлттық дәстүрді жаңаша өркендеткен брендтен сіз ыстық бауырсақтан бастап, тәтті нанның түр-түрін, сондай-ақ, жартылай дайындалған өнімдерді де табасыз.
Айжамал тәттілерінің ерекшелігі – олар тек табиғи өнімдерден дайындалады. Құрамында ешқандай жасанды қоспалар мен химиялық заттар жоқ. Брендтің басты құндылығы – сапа мен дәмінің үйлесімділігінде.
Айжамал тәттілерінде 100-ден астам өнім түрі бар. Мұнда сіз, ыстық бауырсақтан бастап, тәтті нанның түр-түрін, бал, жаңғақ, жемістер қосылған күлшелер, сондай-ақ, жартылай дайын өнімдерді де ала-аласыз. Әрқайсысы өзінің дәмімен ерекше.
НАТАЛЬЯ ЮРЬЕВНА – ӘКІМШІ
«Біздің өнімдеріміз өзгелерден балғындығымен және сапасымен ерекше. Сұраныс өте жоғары. Қазіргі таңда, Қазақстанның түкпір-түкпіріне біздің өнімдеріміз тасымалданып жатыр. Шымкенттің өзінде 8 дүкеніміз бар. Оларға осы цехтан күнделікті жеткізіледі. Жаңа жылды, өздеріңіздің сүйікті «Айжамал тәттілерімен» қарсы алыңыздар».
Отандық бренд жаңа жылдың қарсаңында кең, жарық, жайлы цехқа жайғасып, тұтынушылардың сұранысы негізінде ашытқысыз нан өнімдерін пісіруге кірісіпті. Оның адам ағзасына еш зияны жоқ, өте жәңіл әрі дәмді. Осы орайда, өндіріс ошағы наубайханашылар мен кондитерлерді жұмысқа шақырады.
«Айжамал тәттілері» тек мерекелік шаралар мен тойларға ғана емес, күнделікті тұтынуға да өте ыңғайлы. Осылайша, ұлттық дәстүр мен заманауи талаптарды біріктірген бренд өнімдерінің сапасын жоғары деңгейде ұстап келеді.