Словенияның Терме Чатеж қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында Қазақстан жастары керемет жетістікке қол жеткізді. 36 елден 320-дан астам жас шахматшы бақ сынаған байрақты додада біздің жас өрендер блицтен 2 алтын, 1 күміс және 1 қола жеңіп алса, рапидтен 3 күміс және 3 қола жеңіп алды.
Бұл жеңістің ішінде Түркістан қалалық Балалар және жасөспірімдер спорт клубының шахматшысы Асия Асылханның үлесі ерекше. Бапкері Асхат Майкотов, спорт нұсқаушылары Қуанышбек Жұмадуллаев пен Алима Пашанованың жетекшілігімен Асия әлемдік деңгейдегі жарыста тамаша өнер көрсетті. Еліміздің көк туын жоғары көтеріп, Түркістанның абыройын асқақтатты! Жеңімпаз қызды жерлестері әуежайдан күтіп алды.
АСИЯ АСЫЛХАН, ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
- 11 ойын болды бірінші ойында ұтылып қалдым. Бірақ сосын жиналдым ары қарай ұта бастадым Шешуші ойында жеңдім.