Жаңа жылда жаңа қоныс. Шымкентте 183 азамат пәтер кілтін алды. Үш бөлмелі арендалық баспаналар үй кезегінде тұрған әлеуметтік топ мүшелеріне үлестірілді. Мереке қарасаңында жалпы 183 тұрғын қоныс тойын тойлайтын болады. Үйлі болғандардың қуанышын тілші жеткізсін.
Бақтыгүл Жораева үй кезегінде 7 жыл тұрған. Отбасылы болған 16 жылдың барлығы жақын-туыстың үйін жағалаумен өткен. Тар жерде қыстырылып-қымтырылып өткен күндер үй шаруасындағы ананы қажытқан. Қиын күндерді артта қалдырған көпбалалы ананың қуанышы шексіз.
БАҚТЫГҮЛ ЖОРАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
- Мен шынымды айтсам сенбедім. Үй береді деп ойламадым. Енді жаңа жылда жаңа үйге барып, барлық қиын сәттер арттаи қалады деп сеніп отырмын.
Бұл күні үй кезегінде тұрған 183 азамат баспаналы болды. Оның 150-і көпбалалы, 30-ы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар. Демалыс күндері реновациялық бағдарлама негізінде 8 пәтер табысталған. Осылайша жыл басынан бері үйлі болғандардың саны 800 азаматқа жетіп отыр.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Елімізде жалпы әлеуметтік салаға көп көңіл бөлініп отыр. Соның негізгісі осы баспанамен қамту мәселесі болып отыр. Осыған орай біздің қаламызда да бірнеше тазамат үйлі болды. Құтты болсын!!!
Бүгін табысталған баспаналар Асар және Тұран-2 мөлтекаудандарында орналасқан. Арендалық баспаналардың барлығы үш бөлмелі. Бұған дейін арендалық негізде үлестірілген үйлерді жекешелендіру құқығы қарастырылып отыр.
АЗАТ ИСЛАМОВ, ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Бұрын арендалық негізде алған азаматтар үшін бізде қазір осы желтоқсан айында заң қабылдан ды. Осы азаматтар сол үйлерді өздеріне жекешелендіріп алуларына болады. Ол үшін жергілікті әкімдікке арыз тастаулары керек.
Айтып өтейік, Шымкентте үй кезегінде 51 мыңнан астам азамат тұр. Мамандар жыл өткен сайын әлеуметтік салаға көңіл бөлініп, соның шарапатымен үй табыстау қарқыны арқанын алға тартып отыр.