Түркістанда ерекше балаларға арналған жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Мерекелік кеште Аяз ата мен Ақшақар әуезді ән арнап балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен салтанатты жиында аталған қауымдастық төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндерге ізгі тілегін арнады.
Өз кезегінде жеткіншектер тақпақтарын айтып Аяз ата үлестірген тәттілер мен сыйлықтарға ие болды. Ертегі кейіпкерлері балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірге ән шырқады.
Мерекелік кешке ерекше күтімді қажет ететін 80-ге жуық бүлдіршін қатысты. Мәз-мейрам болған балаларын көркенде ата-аналарда қарап қалған жоқ. Бірге би билеп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.