Аудан орталығы Темірланда үздік жастар марапатталды.  Кәсіби және қоғамдық жұмыста өзін-өзі көрсете алғандардың беделі биіктеді. «Жыл үздігі – 2024» іс-шарасында  білім, ғылым, саясат, өнер, спорт салалары бойынша айтарлықтай жетістіктерге жеткен жастар қошеметке бөленді

Мемлекет басшысының «Біздің болашағымыз – жастар» деген жалынды сөзі өскелең ұрпақтың  жігерін ұштап, ісіне  серпін берді. Елімізде жұмыс істеп жүрген белсенділердің қоғамды дамытудағы үлесі мол. Сондықтан жастар қоғамның қозғаушы күші. Кіші буын  жыл бойы асыға күтетін  жиынға аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов қатысып, игі тілегін білдіріп, аудан әкімінің атынан жыл үздіктерін марапаттады.

 Бүгінгі таңда, аудан әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» жастармен тығыз жұмыс атқарып келеді. Аталмыш орталық аудан жастарын патриоттық рухқа тәрбиелеу, еңбекқорлыққа  баулу бағытында бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда.

МЕЙРАМБЕК АҚМҰРАТОВ, ОРДАБАСЫ  АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Әрбірлеріңіздің еңбектеріңіздің берекесін берсін Дендеріңізге саулық берсінЕлді сыйлайтын азамат бірінші ата-анасын сыйлайды. Сол себепті әр уақытта ата –аналарыңызды құрметтеңіздер

  Іс-шара соңында арнайы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары  жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.